Асайын Байхановтың Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуі басқа күнге ауыстырылды
Жүздесу ертең өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 30 желтоқсан күні сағат 12:00-де Павлодар қаласының Естай атындағы мәдениет сарайында Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Павлодар қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді.
Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Ескерту: эфир кезінде пікір жазу функциясы спикерлердің сөз сөйлеуі кезінде өшіріліп, сұрақ-жауап сессиясы кезінде қосылатын болады.