Астаналық жаттықтырушы павлодарлық мамандарға ауылда бизнесті дамыту әдісімен бөлісті

Астаналық жаттықтырушы павлодарлық мамандарға ауылда бизнесті дамыту әдісімен бөлісті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Ертіс» аграрлық колледжінде ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Тәлімгерлік мектебі» жобасы аясында семинар өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, «Атамекен» ҚР ҰКП сертификатталған жаттықтырушы-мультипликаторы астаналық Ләззат Шонаева екі күн бойы кәсіпорындардың 28 тәлімгеріне жас мамандармен жұмыс істеуді үйретті.

Семинарға арналған саланың жалпы бағыты ауыл шаруашылығы. Сонымен қатар колледждердің, бизнес субъектілерінің (фермерлік, шаруа қожалықтары, ЖШС, ӘКК және т.б.) жас мамандарға өнеркәсіптік кәсіпорындарда қамқорлық жасайтын қызметкерлерін жаңа әріптестерімен жұмыс істеуге баптады.

–   Семинардың лекторлары мен ұйымдастырушыларына тағы да зор алғыс білдіреміз. Аталған семинардың тақырыбы ауылдан қалаға халықтың көшіп-қонуы мен ауылдағы жұмысшы мамандықтардың жетіспеушілігі жағдайында ауыл шаруашылығы бизнесі үшін ерекше маңызды. Өз ұйымдарыңызға қызметкерлерді тарту үшін тағы бір оқытқаныңыз үшін ризамыз, – дейді жобаға қатысушы «Ертіс-Агро» ӘКК төрағасының орынбасары Тимур Аспанов.

ӨКП директоры Ерқанат Әбеновтің айтуынша, жыл сайын өңір кәсіпорындарының тәлімгерлері үшін семинар өткізеді.

Семинардың белсенді қатысушыларына ұлттық палата арнайы әзірлеген «Жұмыс орнындағы оқыту тәлімгерінің кітабы» құралы табыс етілді.

Семинардың барлық қатысушылары облыстық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Әбілғазинаның қолынан сертификаттар алды.