Астық қоймасы – береке көзі. Су құбырының «жыры» қашан бітеді? Мандатын алып, маң баспай...
«Saryarqa samaly» газетінің 6 сәуір, бейсенбілік нөмірінде жарық көретін негізгі материалдарға аңдатпа ұсынамыз.
Ақтоғай ауданында егіс алқаптарының көлемі жылдан-жылға ұлғаюда. Осы тұрғыда жиналатын астық көлемі де артып келеді. Осыған орай өткен жылы сыйымдылығы 2 мың тоннаны құрайтын астық сақтау қоймасының құрылысы басталған еді. Жұмыстар осы айда аяқталады деп күтіліп отыр.
Бірнеше күн бұрын Баянауыл ауданына қарасты Жұмат Шанин ауылында су құбырын тарту мақсатында қазулы қалпында қалған орлардың салдарынан мал шығыны орын алып жатқаны жайлы ақпараттар әлеуметтік желілерде таратылған еді. Аталған ауыл тұрғындары талай жылдан бері таза ауызсудан тапшылық көруде. Алыстағы ағайының мәселесі «Saryarqa samaly» газетін де бей-жай қалдырмады.
Сайлау аяқталды. Депутаттар үшін «жаңа өмір» басталды. Үгіт жүргізгенде үмітпен жүр еді, куәлік қолға тиген соң уәде еткен шаруаларды тындыруға тырысар. Тырысқаны несі, міндетті де. Әр дауыстың сұрауы бар. Сайлау учаскесіне қадам басқан тұрғындар жеке бастың қамын күйттемей, өңірдің өркендеуі үшін таңдау жасады. Ендігі кезек – су жаңа депутаттарда!
Малы бардың, жері жоқ. Жері бардың, малы жоқ. Бұған дейін жайылымның тапшылығы көбінесе оңтүсіктің өңірлерге тән болса, соңғы жылдары біздің облыста да бұл проблема туындады. Оны жергілікті билік қалай шешпек? Ертеңгі нөмірден оқи аласыздар.
Бейсенбілік нөмірде аймақтағы осы және өзге де өзекті оқиғалар туралы материалдар жарияланады.