Атамекен кентінде жергілікті қоғамдастық жиындары өткізіледі
Бұл жиын құрамды анықтау мақсатында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Атамекен кенті әкімдігінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын анықтау үшін Атамекен кенті әкімінің аппараты келесі аудандарда қосымша бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары өткізілетін болады.
«Маслянка» ауданы:
20 тамыз күні сағат 18:00-де Олжабай батыр көшесіндегі ойын алаңының жанында, сағат 18:30-да Жамбыл көшесі, 9 мекенжайында, сағат 19:00-де Малайсары батыр көшесіндегі «Абай» дүкенінің жанында.
Ал 22 тамыз күні сағат 18:00-де Молдағұлова көшесінің тұрғындары Мақажанов көшелерінің қиылысында, сағат 19:00-де Ш. Қалдаяқов, Тұран, Байсейітова көшелерінің тұрғындары Ш. Қалдаяқов-Тұран көшесінде, Шолохов, Құрманғазы тұрғындары сағат 19:30-да «Инмарт» дүкенінде жиналмақ.