Павлодарда шайбалы хоккейден әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

Павлодарда шайбалы хоккейден әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді
Фото: Валерий Бугаев

Екібастұз қаласының тоғызыншы сынып оқушылары Болгария астанасы Софияда хоккейден өткен әлем чемпионатында 18 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасында болды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов хоккейден әлем чемпионатының екінші дивизионының жеңімпаздары Кира Крухольская және Кристина Войцицкаямен кездесіп, өз құттықтауын жеткізді. 

Қазақстандық команда бес кездесуде өте нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластар қақпасына 35 шайба салып, өз қақпаларына  5 шайба жіберіп алған. 

– Біз екібастұздық жас спортшылардың ел намысын осындай жоғары деңгейде қорғап, чемпионаттың алтынын жеңіп, тамаша нәтиже көрсеткенін мақтан тұтамыз, – деп атап өтті өңір басшысы. 

Айта кетейік, Кристина Войцицкаяны жаттықтырушы Антон Пекне 2012 жылдан бастап жаттықтырады. Ал, Кира Крухольская 2020 жылдан бастап жаттықтырушы Максим Куртуковта жаттығады. Сондай-ақ, облыс әкімінің атынан Алғыс хатпен спортшы қыздардың ата-аналары мен жаттықтырушылары марапатталды.