Ақсу мен Екібастұз қалаларының жаңа мәслихат депутаттарының есімдері жарияланды

Ақсу мен Екібастұз қалаларының жаңа мәслихат депутаттарының есімдері жарияланды

2023 жылғы 19 наурызда өткен Ақсу және Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттарды сайлау қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мәслихаттың сайлау нәтижелері аудандық әкімдіктердің ресми сайттарында жарияланды. Дауыс беру қорытындысы аумақтық сайлау комиссияларында шығарылды.

Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың тізімдеріне 49091 азамат енгізіліп, дауыс беруге 33470 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 6 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 450 сайлаушы дауыс берді. Кандидаттардың жалпы саны 39 адамды құрады.

Сайлауының қорытындысы бойынша:

№1 сайлау округі бойынша  – Темирбулатова Нурия Икрамовна 1965 туған жылы, «ЕЭК» АҚ, Басқару жүйесі және экология бөлімінің бастығы, Ақсу каласы;

№2 сайлау округі бойынша  – Валитов Мирхат Фархатович 1964 туған жылы, «Ақсу су арнасы» КМК, Директоры, Ақсу каласы;

№3 сайлау округі бойынша  – Айтуарова Алма Ермековна 1981 туған жылы, «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің» ШЖҚ КМҚ басшысы, Ақсу каласы;

№4  сайлау округі бойынша  – Поддубная Ольга Викторовна 1988 туған жылы,  ШЖҚ КМҚ «Ақсу қара металлургия колледжі», Басшының орынбасары, Ақсу каласы;

№5  сайлау округі бойынша  – Горохов Андрей Владимирович 1979 туған жылы,  «Ақсу қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, Басшысы, Ақсу каласы;

№ 6 сайлау округі бойынша  – Олейник Сергей Алексеевич 1951 туған жылы, «Ақсу мүгедектер бірлестігі қоғамы» ҚБ, төрағасы, Ақсу каласы;

№7 сайлау округі бойынша  – Естаев Ерканат Резоллович 1972 туған жылы,  «Қазхром» ТҰК АЗФ,  бас инженер-механик, Ақсу каласы;

№8  сайлау округі бойынша  –  Байманов Канатбек Кайроллович  1970 туған жылы, «Ақсу сервис» КМК Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің, басшысы, Ақсу каласы;

№9  сайлау округі бойынша  –  Тусупбеков Бауржан  Джамбулович 1979 туған жылы, Ақжол ауылы «Бауыржан» шаруа қожалығының басшысы, Ақжол ауылы;

№10  сайлау округі бойынша  –  Авдгалак Дәлелхан 1962 туған жылы, «Авдгалак» Жеке кәсіпкер , Ақсу каласы;

№11  сайлау округі бойынша  –  Авдгалак Дәлелхан 1964 туған жылы, «АМАНАТ» партиясы Ақсу қалалық филиалы, төрағасы, Ақсу каласы;

№12  сайлау округі бойынша  – Омаргалиев Мадениет Кабылдинович 1961 туған жылы, Ақсу каласы сайланды. 

Екібастұз қалалық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 98 781 азамат енгізілді. Дауыс беруге 40 557 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 649 сайлаушы дауыс берді. Кандидаттардың жалпы саны 48 адамды құрады.

 Екібастұз қалалық мәслихаттың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттарының сайлауының қорытындысы бойынша сайланды:

№ 1 сайлау округі бойынша  – Мырзабеков Жомарт Сырлыбайұлы, 1990 жылы туған, Екібастұз жолдар дистанциясының басшысы, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 2 сайлау округі бойынша  – Турлыбеков Канат Хабибуллинович, 1964 жылы туған, «Екібастұз даусы» ақпараттық орталығы» ЖШС құрылтайшысы, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 3 сайлау округі бойынша –  Макаров Серик Жуматаевич, 1961 года жылы туған, ТОО «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 4 сайлау округі бойынша – Амургалинов Арман Болатович, 1985 жылы туған, «Завод МВИ» ЖШС қаржы директоры, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 5 сайлау округі бойынша – Шмидт Татьяна Викторовна, 1972 жылы туған, «№ 21 ресурстық орталық» КМҚК басшысы, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 6 сайлау округі бойынша – Егер Владимир Федорович, 1960 жылы туған, «Қ. Сәтбаев атындағы арна» филиалының Павлодар пайдалану басқармасының басшысы, Екібастұз қаласының Шідерті кентінде тұрады;

№ 7 сайлау округі бойынша – Маликова Мариям Даулетбековна, 1985 жылы туған, «AMANAT» партиясы» ҚБ Екібастұз қалалық филиалының атқарушы директоры, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 8 сайлау округі бойынша – Құсан Еркін Аманкелдіұлы, 1996 жылы туған, «Қайнар» оқыту және бос уақытты қамту кешені» КМҚК оқытушы-ұйымдастырушы, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 9 сайлау округі бойынша – Иманкулов Арман Байтурсынович, 1981 жылы туған, «АБ-Жол» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады;

№ 10 сайлау округі бойынша – Жакупов Жетписбай Кайырбекович, 1977 жылы туған, «NurJolKZ» ЖШС басшысы, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 11 сайлау округі бойынша – Касыманова Лейла Толеуовна, 1980 жылы туған, «Ангренсор Trading» ЖШС коммерциялық директоры, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 12 сайлау округі бойынша – Ибраев Жанат Камитович, 1962 жылы туған, «КХ «Коктобе», ЖШС директоры Екібастұз қаласында тұрады;

№ 13 сайлау округі бойынша – Макраев Нияз Кудайбергенович, 1966 жылы туған, «ЖЕРҰЙЫҚ-МН» ЖШС директоры, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 14 сайлау округі бойынша – Сиваракша Далида Маратовна, 1986 жылы туған, Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының ректоры, Екібастұз қаласында тұрады;

№ 15 сайлау округі бойынша – Алгамбаров Манат Кажыбекович, 1964 жылы туған, «Табыс» ШҚ басшысы, Екібастұз қаласында тұрады.  

Естеріңізге сала кетейік, мәслихат депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жыл.