Ақсу қаласында бірнеше бағыттағы маршруттар жойылды

Ақсу қаласында бірнеше бағыттағы маршруттар жойылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа бағыттағы маршруттар 26 наурыздан бастап іске қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Ақсу қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– 26 наруыздан бастап маршруттық желіні оңтайландыруға байланысты №4У, №6 және №7 бағыттар бойынша қатынайтын қоғамдық көліктер жойылды. Осыған орай, бірқатар бағыттағы қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы мен уақыты өзгерді, - делінген хабарламада. 

Мәселен, №4У маршрутының жойылуына орай №11 бағыттың қозғалыс сызбасы мен уақыты өзгерді. Яғни №11 бағыттың бастапқы нүктесі «Школьная» аялдамасы (Ж. Муса атындағы колледж ауданы) болады. Бағыт келесі көшелер арқылы жүреді:

Дөнентаев – Ариэль – Камея – Поликлиника – Доспанова – Амангелді және әрі қарай бекітілген бағыт бойынша.

«Школьная» аялдамасынан сағат 06:00, 07:00, 17:25-те шығады.