Ақсу қаласында мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші жазаланды
Белгілі болғандай, ол бұған дейін жүргізу құқығынан айырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу қаласының полиция қызметкерлері «Mercedes» көлігін мас күйінде жүргізген ер адамды ұстады. Ол 2018 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
– Ер адам жүргізген көлік айып тұрағына қойылды. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес жүргізуші орташа дәрежеде мас болған,– дейді департаментте.
Айта кету керек, ағымдағы жылы өңірде полицейлер мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілердің 420 фактісін анықтады. Барлық құқық бұзушылар жазаланды.