Ақсу қаласының қала құраушы кәсіпорындарында азаматтарды көшпелі қабылдау өтті

Ақсу қаласының қала құраушы кәсіпорындарында азаматтарды көшпелі қабылдау өтті

Зауыт жұмыскерлері жеке сұхбат форматында аймақ басшысына және облыстық басқармалар басшыларына сұрақтарын қоя алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аймақ басшысы әкімі Асайын Байханов мемлекеттік органдардың басшыларымен бірлесіп «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ және «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлерінің жеке қабылдауын өткізді.

- Зауыт жұмыскерлері жеке сұхбат форматында аймақ басшысына және облыстық басқармалар басшыларына сұрақтарын қоя алды. Сауалдардың ауқымы әр түрлі, әлеуметтік саладан бастап абаттандыруға дейін. Басым бөлігі денсаулық сақтау, қоғамдық көлік жұмысы және т. б. Сондай-ақ, қызметкерлер қала аулаларында спорт және ойын алаңдарын орнату, азық-түлік пен коммуналдық қызметтердің бағасы сияқты мәселелерді көтерді, - делінген хабарламада.

Кәсіпорын қызметкерлерінен барлығы 128 сұрақ келіп түсті. Әрбір өтініш берушіге көңіл бөлініп, түсініктемелер берілді. Мемлекеттік органдарға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Асайын Байханов қабылдауда көтерілген кейбір мәселелердің шешімін жеке бақылауына алды.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мемлекеттік органдардың басшыларымен бірлесіп «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ және «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлерінің жеке қабылдауын өткізді.
Зауыт жұмыскерлері жеке сұхбат форматында аймақ басшысына және облыстық басқармалар басшыларына сұрақтарын қоя алды. Сауалдардың ауқымы әр түрлі, әлеуметтік саладан бастап абаттандыруға дейін. Басым бөлігі денсаулық сақтау, қоғамдық көлік жұмысы және т. б. Сондай-ақ, қызметкерлер қала аулаларында спорт және ойын алаңдарын орнату, азық-түлік пен коммуналдық қызметтердің бағасы сияқты мәселелерді көтерді.

Кәсіпорын қызметкерлерінен барлығы 128 сұрақ келіп түсті. Әрбір өтініш берушіге көңіл бөлініп, түсініктемелер берілді. Мемлекеттік органдарға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Асайын Байханов қабылдауда көтерілген кейбір мәселелердің шешімін жеке бақылауына алды.

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев