Ақсуда апат салдарынан бірнеше үй сусыз қалды

Ақсуда апат салдарынан бірнеше үй сусыз қалды
Фото: Константин Шелков

Апат Әуезов – Құрылысшылар көшесінде орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

13 маусым күні сағат 10:00 шамасында 300 миллиметрлік құбыр жарылған. Апат салдарынан 75 метр құбырды ауыстыру керек. Жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Ақсу қаласы әкімдігінің ақпаратынша, бір тәулікте құбыр жөнделеді деп болжануда. 

ҚГП Ақсу су арнасы Әуезов ауданындағы 21 магистральдік желідегі зақымдануды жою үшін Құрылысшылар 8, 28,24, Сот, 10, 6, 6а, 2, 4, 18, М.Маметова 5, 7, 1, 9, 3, М,Әуезов 5, 5а, 7, 7а, 11, 11а, 19, 19а, 9, 9а, 9б, 15, 15а, 31, 21, 29 үйлерінде уақытша су болмайды. 

Айта кету керек, ауданда екі су тасушы және су қоймасы қойылды.