Ақсуда оннан астам балықшы жауапкершілікке тартылды

Олар тыйым салынған құралдармен балық аулаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Уылдырық шашу» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде балық аулау және балық ресурстарын, басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаны үшін 12 азамат жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, Сарышығанақ ауылының маңындағы Ертіс өзенінің Тентек тармағында патрульдеу кезінде учаскелік полиция қызметкерлері тыйым салынған «кривда» құралын, атап айтқанда тормен балық аулауды жүзеге асырған адамды байқады.
Ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен хаттама толтырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының дала және тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінде жайылмалы су айдындарында, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың барлық ұзындығы бойынша балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынды.