Павлодар облысында қызметтік иттер 80 келіге жуық есірткінің көзін жойды

Павлодар облысында қызметтік иттер 80 келіге жуық есірткінің көзін жойды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінгі таңда кинологиялық орталықта 28 қызметтік ит бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қызметтік иттердің көмегімен 157 қылмыс ашылды. 

Төрт аяқты сақшылар қылмысқа қарсы іс-қимылға елеулі үлес қосуды, түрлі қылмыстарды анықтауға және ашуға көмек көрсетуді жалғастыруда.

– Иттерге арналған жаттығулар күн сайын өтеді. Төрт аяқты көмекшілер иесінің кез келген қозғалысына бірден жауап береді. Тренинг бірнеше кезеңнен тұрады, нәтижесінде иттер қажетті дағдыларды дамытады. Есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, шабуылдау және ғимаратты қорғау бойынша қызмет атқаратын иттер бар, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының бастығы Нияз Валиев.

Биылғы жылы қызметтік иттердің арқасында 80 келіге жуық есірткі заңсыз айналымға жіберілмеді.

Мысалы, 2024 жылдың шілдесінде «Буран» лақап атты қызметтік- іздестіру итімен Зеленстрой шағын ауданының орман екпелерінде таспаға оралған 14 бума есірткі тәркіленді. Әрқайсысының ішінде 20-дан 45 данаға дейін ақ түсті ұнтақ зат болған.