Ақтоғайда тұрғындардың сұрауы бойынша мәдениет үйі қайта қалпына келтірілді
Ғимарат 25 жыл бос тұрды , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әуелбек ауылында күрделі жөндеуден кейін мәдениет үйі ашылды. Барлық жөндеу жұмыстары «Ауыл – ел бесiгi» бағдарламасы арқылы жүргізілді.
– Тұрғындар ғимаратты жөндеп, онда мәдениет үйін ашуды сұрап жүрді. 2020 жылы біз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірледік. Терезелер де, есіктер де болған жоқ, тек қабырғалар ғана тұрды. Тұрғындардың өтініші бойынша біз нысанды әмбебап етіп жасадық. Бір ғимаратта ардагерлер клубы, кітапхана, спорт зал орналастырылды,– деді Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мұқитов.
Жалпы жұмыстарға 162 миллион теңге жұмсалды. Әуелбек ауылында ашылған мәдениет үйі Ақтоғай ауданында газбен жылытылатын жалғыз нысан.