Аққулы ауданының оқушылары қызғалдақтардан көрме ұйымдастырды (ВИДЕО)

Аққулы ауданының оқушылары қызғалдақтардан көрме ұйымдастырды (ВИДЕО)
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Шараға ауданның жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, Наурыз мейрамын тойлау аясында қолға алынған «Қызғалдақтар әлемі» атты көрме-байқау екі кезең бойынша өтті.

- Байқаудың басты мақсаты балалардың шығармашылығын дамытуды көздейді. Әрі олардың қабылетін кеңінен насихаттау, шығармашылық идеяларымен алмасу. Сонымен қатар, көктемгі Наурыз мерекесін ерекше мәнде тойлау, - делінген хабарламада.

Шараға ауданның жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының шебер оқушылары қатысты. Көктемнің басты символының көрмесі екі номинация бойыншы өтті. Ол – «Орнату». Онда қатысушылар ортақ идеямен біріктірілген нысандар жиынтығын ұсынды. Екіншісі түрлі материалдардан жасалған көктемгі гүлдермен безендіру.

Көрме-байқауға ұсынылған әр қызғалдақ ерекше түрленіп, келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Білім басқармасы (@bilim_basqarmasy)