Аққулы ауылының ауызсу мәселесінің жұмыстары тексерілді

Аққулы ауылының ауызсу мәселесінің жұмыстары тексерілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоба қазан айында тестік режимде жұмыс жасай бастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Аққулы ауданына барған жұмыс сапары барысында Аққулы ауылының су құбырына жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. 

Бүгінгі күні жобаның 90% дайын. 15 қыркүйек күні су тазарту станциясы жеткізіледі. Одан кейін шамамен 10-15 күн кәріз жүйесіне қатысты монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Қазан айының соңына қарай барлық жұмыстар толық аяқталады, – деді Санатбек Магмуров.

Мамандардың сөзінше, арнайы сорғылардан тазартылған су арнайы резуарларда сақталады. Жалпы алғанда сорғылардың қуаты елу метр кубты құрайды.

Тексеру жұмыстары барысында облыс басшысы техникалық қауіпсіздік шараларын да тексерді.

Барлығы бекітілген жобаға сәйкес жүріп жатыр. Өткенде құбырлардың ұзындықтарын жобаға сай келтірген едік, – деді ауыл әкімі Дастан Бейсенбаев. 

Өз кезегінде ауыл әкімі Асайын Байхановқа тұрғындар жазғы уақытта елу алты метр куб су тұтынатынын мәлімдеді. Қыс мезгілінде көрсеткіш төменірек екенін атап өтті.

Аққулы ауылын ауызсумен қамту жобасы үш жыл бұрын басталған еді. Ол кездері жоба белгіленген мақсаттарға жете алмаған еді.

Өткен жылы қыркүйек айында осы жерге өзім келіп, жобаны қайта қарастыру туралы тапсырманы аудан әкіміне және ең бірінші өзімнің орынбасарыма бердім. Осыған сәйкес жобаға тиісті өзгерістер енгізілді. Аққулы ауылының халқын тәулігіне тұрақты түрде таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында бұл жобаны облыстық бюджет арқылы қаржыландырдық. Қосымша 275 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат жобаның қымбаттауына және оған енгізілген өзгерістерге байланысты бөлінді. Жобаның нәтижесінде ауыл тұрғындары үздіксіз әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етілуі тиіс, – деді облыс басшысы.

Айта кетейік, Асайын Байханов Аққулы ауылына жасаған іссапары кезінде жүргізіліп жатқан әлеуметтік маңызды нысандарға барып, жұмыс барысымен танысқан еді.