Бастамашыл павлодарлықтар қайтарымсыз грантты қалай ала алады?

Бастамашыл павлодарлықтар қайтарымсыз грантты қалай ала алады?
Фото: pexels.com/Barbara Olsen

Грант тек бір рет беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының Мансап орталығының мәліметінше, Business.enbek.kz порталында 21 мамырдан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бірінші лек бойынша гранттарға өтінім қабылдау басталады.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі және олардың негізгі мақсаты — жаңа бизнесті бастау мен дамытуға қолдау көрсету.

Грант мөлшері — 400 АЕК, яғни 1 572 800 теңге. Әрбір қатысушы бұл грантты тек бір рет ала алады.

Бұл қаржы ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге өз бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және оны дамыту арқылы тұрақты табыс көзіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • Порталда тіркелу;
  • Грант алу шарттарына сәйкестігіңізді тексеруден өту;
  • Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтырып, порталға енгізу;
  • Өтінім нысанын толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою.

Егер интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаса, өтінімді Мансап орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) беруге болады.