Баянауыл ауданындағы бір ауылға Жаяу Мұсаның есімін беру ұсынылды

Баянауыл ауданындағы бір ауылға Жаяу Мұсаның есімін беру ұсынылды
Фото: Константин Шелков

Аймақ басшысы Жаңатілек ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың ауыл тұрғындарымен кездесуі барысында Жаңатілек ақсақалдарының бірі ауылға атақты қазақ ақыны және халық композиторы Жаяу Мұсаның есімін беру туралы өтініш білдірді.

Оның айтуынша, Жаңатілек халық арасында Жаяу Мұса ауылы деп аталады, енді бұл ережені заңдастыру ғана қаған.  

– Менің Мұса Байжанұлына деген көзқарасымды білесіздер, ол осы жерге жақын жерде жерленген, – деп бастады Асайын Байханов. – Мені ауылдың сыртқы келбеті, көшелердің тазалығы таң қалдырды. Мұның бәрі – сіздердің тату еңбектеріңіздің, ауылдағы бірліктің жемісі. Сонымен қатар, Жаңатілек ауылы – облыстағы ішімдік сатудан мүлдем бас тартқан алғашқы ауылдардың бірі. Бұл – мақтауға тұрарлық іс.  

Аймақ басшысы ауылдың атын өзгерту және жалпы ономастика мәселесі бойынша өз көзқарасын білдірді.

– Мен өзім осы жерде тудым. Ономастика – бұл оңай мәселе емес, әдетте мұндай нәрселерден жанжал басталады. Сіздің ауылыңызда мыңға жуық адам тұрады, кенеттен жартысы бұл шешімді қолдамаса ше? Бұл жақсы нәрсеге әкелмейді. Кеше Көктөбеде бір ақсақал «неге қалада Жасыбай атындағы көше жоқ?» деп сұрақ қойды. Біз бәріміз Жасыбайдың батырлығы туралы білеміз. Бұл мәселелерді кезең-кезеңімен, мұқият ойластырып шешу қажет, – деп атап өтті Асайын Байханов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы бұл мәселені құқықтық тәртіпте қарастыруды және барлық қажетті заңды рәсімдерді жүргізуді ұсынды.