Павлодарда көпқабатты үйлерге жылу қашан беріледі?
Қазір балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер мен жеке тұрғын үйлер жылу жүйесіне кезең-кезеңімен қосылып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, шаһарда 2026-2027 жылғы жылыту маусымы 14 қыркүйекте басталды. Қала әкімі Хасар Хабылбеков жылу беру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Қазір әлеуметтік нысандарды, оның ішінде балабақшалар, мектептер мен медициналық ұйымдарды жылуға қосу жұмыстары жүріп жатыр. Ал «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, 14 қыркүйектен бастап жеке тұрғын үй секторына да жылуды кезең-кезеңімен бере бастады.
Кеңес барысында барлық нысандардың, соның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің жылу желілерін толық толтыру тапсырылды. Бұл жүйені жылыту маусымына біртіндеп дайындау үшін қажет.
Ал көпқабатты тұрғын үйлерге жылу 28 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен беріледі.
– Мұндай тәсіл жүйелерді гидравликалық баптауға, инфрақұрылымды біртіндеп жылытуға және жылуды іске қосу кезінде жылу желілеріне түсетін жүктеменің күрт артуына жол бермеуге мүмкіндік береді, – деп хабарлады «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.
Осылайша, қаладағы нысандар жылу жүйесіне бір уақытта емес, белгіленген кезекпен қосылады.