Баянауыл ауданында төрт мыңнан астам гектар жер жалға беріледі
Жер учаскелеріне байқау өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 сәуір күні сағат 11:00-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша жалпы алаңы 4 070,97 гектар жерге конкурс өткізілетінін хабарлайды. Оның ішінде 870,9 гектар – жайылым, 3 187,1 гектар – суармалы емес егістік, 12,97 гектар – басқа да алқаптар.
Өтінімдер 8-26 сәуір аралығында қолма-қол немесе пошта арқылы Қ. Сәтбаев көшесі, 49 құрылыс мекен-жайы бойынша қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:
- конкурсқа қатысуға өтінім;
- конкурстық ұсыныс.
Жер учаскелерінің тізбесі жергілікті баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның сайтында жарияланған.
Өтетін орны: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, 45.
Толық ақпаратты төмендегі телефон арқылы алуға болады: 8(71840)9-28-91.