Баянауыл ауданында жол апатынан екі адам қаза тапты
Бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 10 тамызда сағат 15.11-де жедел жәрдем станциясына Екібастұздан 50 шақырым жерден Мәшһүр Жүсіп ауылына бара жатқан жолында екі көлік соқтығысқаны туралы хабарлама түскен. Үш медициналық бригада оқиға орнына 10 минутта жеткен.
– Жеті жастағы ер бала жабық ми зақымы, мидың шайқалуы, жамбас сүйегінің сынуы диагноздарымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, – деді басқармада.
Сондай-ақ 32, 31, екі 25 жастағы ер адамдар түрлі жарақаттар алды. Оларды да Екібастұз қалалық ауруханаға жеткізді.
Өмірімен үйлеспейтін жарақаттардың алуына байланысты 31 жастағы әйел және 53 жастағы ер адам қайтыс болды.