Баянауылда күйкентай құсы қанатынан жараланды

Баянауылда күйкентай құсы қанатынан жараланды

Оны ұлттық саябақтың орманшылары құтқарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің директоры Аждар Жүсіповтың айтуынша, құс әйнекке соғылған. 

– Ұшу кезінде құс Жасыбай көліндегі кафенің әйнек есігіне соғылып, сол қанатын жарақаттады. Біздің орманшылар зақымданған жерді сутегі асқын тотығымен өңдеді. Ол тамақ толықтай ішіп-жеп жатыр. Бұл биылғы балапан – сұңқарлар тұқымдасына жататын қарапайым күйкентай, - дейді Аждар Жүсіпов. 

Оның айтуынша,  құсты ертең Павлодар ауылына апарып, біраз уақытқа белсенді демалыс базасына орналастыру көзделуде.