Баянауылда тауға шыққан ер адамға құтқарушылар көмектесті
Турист «Батылдар шыңында» қалып қойған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл ауданындағы Торайғыр ауылының маңында орналасқан «Батылдар шыңына» көтерілген ер адам түсер кезінде құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
— Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел жетті. Құтқарушылар турист тұрған жерге жетіп, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оны таудан түсірді, - делінген хабарламада.
Ер адам шыңнан түкенде зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Төтеншеліктер таулы аймаққа шығар алдында өз мүмкіндігіңді дұрыс бағалап, тек қауіпсіз әрі тексерілген бағыттарды таңдауға кеңес береді. Жер бедерінің ерекшеліктерін алдын ала зерттеп, ыңғайлы киім мен аяқ киім киюді және жалғыз саяхатқа шықпауды ұсынады. Төтенше жағдай туындаса бірден 112 нөміріне хабарласу керек.