Баянауылда төтенше жағдай қызметтерінің дайындығы тексерілді
Облыс әкімінің орынбасары өрттен кейін «Қазавиақұтқару» тікұшақ алаңындағы техникалық әзірлікті бағалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, жуырда болған табиғи өрттен кейін арнайы қызметтердің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мен жедел әрекет ету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов жұмыс барысында арнайы техниканың техникалық жай-күйі, құтқару құрал-жабдықтарының толықтығы және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері тексерілді.
Сондай-ақ байланыс жүйесінің жұмысы қаралды. Мамандардың айтуынша, төтенше жағдай кезінде құтқару қызметтері мен орман шаруашылығының бөлімшелері бірыңғай радиобайланыс арнасында жұмыс істейді. Бұл күштерді жедел үйлестіріп, өрт ошақтарына уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, тікұшақ алаңындағы жабдықтардың, су қорын толтыру жүйесінің және өрт сөндіруге қажетті құралдардың дайындығы бағаланды.
Серік Төленбергенов тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.