«Богатырь-Көмірде» су тоқтаған жоқ

«Богатырь-Көмірде» су тоқтаған жоқ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шаруашылық қажеттіліктер үшін суды жеткізу ұйымдастырылуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, ақаудың себебін анықтау және жою жұмыстарын «Екібастұз қалалық су арнасы» МКК күштерімен жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына 30 адам және 10 мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, сол жерде Павлодар облысы ТЖД және «Майқайың-алтын» АҚ мамандары жұмыс істеуде.

Майқайың кентінің тұтынушылары – тұрғындары судан ажыратылған жоқ. Сумен жабдықтау төмен қысымда жүргізілуде. Анықталған ақау жойылғаннан кейін толыққанды беру қайта басталады.  Сондай-ақ, «Богатырь-Көмір» АҚ сумен жабдықтау төмен қысымда болды. Жөндеу жұмыстарына байланысты қазір кәсіпорынға су беру уақытша тоқтатылды. Бұл ретте көмір өндірісі тоқтаған жоқ, өйткені оған судың қажеті жоқ. 

Аталмыш желілер 1996 жылы салынған және бүгінгі таңда айтарлықтай тозығы жеткен. Аталмыш су құбырын 2024 жылы реконструкциялау жоспарланған. Қазіргі кезде конкурс өткізілді және «Алматыинжстрой» ЖШС мердігер ұйымы анықталды. Жұмыстарды көктем-жаз кезеңінде бастау жоспарлануда.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 21 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кентіне d 1020 мм суық сумен жабдықтау құбырында ақау анықталды. Орын алған ақаудың учаскесі «Екібастұз қалалық су арнасы» МКК екінші көтергіш сорғысынан 27 км қашықтықта орналасқан.

Сол жерге өңір басшысы Асайын Байханов, Екібастұз қаласының және Баянауыл ауданының әкімі, сондай-ақ, облыс ТЖД басшысы барып, жедел штаб ұйымдастырылды.