Баянауылда әскерге шақыру пункті ресми түрде ашылды

Баянауылда әскерге шақыру пункті ресми түрде ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2018 жылдан бұрынғы ғимарат апаттық деп танылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әскер қатарына шақырылушылар үшін қызмет көрсетуге мүмкіндік болмаған ғимаратқа облыс әкімі Асайын Байхановтың тікелей қолдауымен жоба жасалды. Бүгінгі күні құрылысы толық аяқталып, іске қосылды.  Ғимарат қажетті жиһазбен және барлық техникамен толықтай қамтылған. Заман талабына сай жасалған әскерге шақыру пункті елге қызмет етуге дайын. 

– Бұл – ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын, Отан алдындағы борышты абыроймен өтеуге бағытталған маңызды қадам. Әскер – тәртіп пен жауапкершіліктің, батылдық пен бірліктің мектебі. Осында келетін әрбір жас азамат елге қызмет етудің мәнін терең түсініп, өмірлік тәжірибе жинақтайды деп сенемін, – деді пункттің ашылу салтанатында аудан әкімі Ардақ Кісентаев.

Мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдай жасалып, заң талаптарына сай ашық әрі әділ жұмыс жүргізіледі.