Павлодарлық боксшы Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Павлодарлық боксшы Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Боксшы Серік Теміржанов малилық Абдул Карим Батилимен қолғап түйістірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодарлық боксшы Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін малилық Абдул Карим Батилимен өткізді. Бірінші раундта жерлесіміз басымдылық көрсетіп, қазылар алқасының жоғарғы ұпайларына ие болды. Екінші раундта малилық спортшы шапшаңдық көрсетті, алайда қазақстандық есе жіберген жоқ. 

Кездесу барысында Абдул Карим Батилиге Серік Теміржановтың қолын қысып алғаны үшін бірнеше ескерту жасалды. Павлодарлық спортшы да ескертусіз қалған жоқ. 

Кездесу соңында Серік Теміржановтың айқын басымдылықпен жеңгені көрсетілді. Спортшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңген.

Айта кету керек, Серік Теміржанов былтырғы жылғы әлем, Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от shvsm_pav (@shvsm_pav)

Мақсат Көлтайұлы