Чек ұсынған павлодарлықтар құнды сыйлықтар ұтып ала алады

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған «Бәйге» акциясы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Акция аясында Павлодар қаласының тұрғындары 100 мың теңге және басқа да құнды сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие. Акцияға қатысу көп күшті талап етпейді, дегенмен бұл азаматтық белсенділіктің маңызды көрінісі болып табылады.
Қатысу үшін:
- тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде кассалық чектегі QR-кодты сканерлеңіз;
- чекті «Амиан» мобильді қосымшасы арқылы тіркеңіз;
- акция өткізу кезеңінде Amian қосымшасына мүмкіндігінше көп фискалдық чектерді жүктеңіз;
- өз өңіріңіздегі қатысушылар арасындағы рейтингті қадағалаңыз.
Акция аяқталғаннан кейін өз өңірінде ең көп чек тіркеген қатысушы 100 000 теңге ұтып алады.
Акция тоқсан сайын өткізіледі: 1 мамыр – 30 маусым, 1 шілде – 30 қыркүйек, 1 қазан – 31 желтоқсан.
– Акцияның басты мақсаты – халықтың фискалдық чектердің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және көлеңкелі экономикаға қарсы күреске үлес қосу. Әрбір тіркелген чек – ашық әрі адал кәсіпкерлік ортаға қосқан үлес және сыйлық ұтып алуға мүмкіндік, – дейді Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында.
Акция осы жылдың соңына дейін жалғасады. Нәтижелер ай сайын шығарылып отырады.