«Даму» Қоры – шағын және бизнесті қолдау операторы

«Даму» Қоры – шағын және бизнесті қолдау операторы
Фото: damu.kz

Мемлекет арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы отандық өндірістің дамуын ынталандырады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бизнеске субсидиялар мен кепілдіктер, сондай-ақ әріптестік ұйымдар арқылы жеңілдікпен кредит беру арқылы қолдау көрсетеді.

Қор кәсіпкерлерге республикалық бюджет есебінен бөлінетін қаражат арқылы қолдау көрсетеді. Қор жұмысын бастаған кезден бері бағдарламаларды іріктеуден бастап, жобаны іске асыруға дейін барлық қызметтері тегін көрсетіледі. Қор менеджерлері қолдау сұрап келген әр кәсіпкерге әрекет ету жоспарын қадам-қадаммен түсіндіреді.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басталғалы бері «Даму» Қоры бүкіл Қазақстан бойынша жалпы несие сомасы 11,4 трлн теңге болатын 197 мыңға жуық бизнес-жобаға қолдау көрсетті. Жобалар әртүрлі салаларды қамтиды. Бұл мемлекеттің экономиканың барлық бағыттары мен қызмет түрлеріне көңіл бөлетінін көрсетеді. Әсіресе отандық өнім шығарушылар, IT-технология, аграрлық және ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру саласына басымдық беріледі.

Қор өндірілетін өнімі мен қызметін сапалы деңгейге көтеруге қабілетті кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Бұл болашақта тауарлардың импортты алмастырып, бәсекеге түсе алуына оң әсер етеді, тіпті экспортқа шығуына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша толық ақпарат алу үшін «Даму» Қоры 1408 нөмірі бойынша колл-орталыққа (кез келген өңірден қоңырау шалу тегін) немесе тікелей өңірдегі «Даму» филиалына хабарласуды сұрайды. «Даму» Қорының Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалы Павлодар қаласы, Бұқар жырау көшесі, 109 мекенжайында орналасқан.       Байланыс телефоны: 8 (7182) 703-809.

 Жарнамалық материал