Екібастұз қаласы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жалғастыруда

Әкім мәселелі үйлерді аралап, жауапты қызметкерлерге жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала басшысы Аян Бейсекин Instagram парақшасында қазіргі уақытта көпқабатты үйлердің 95%-дан астамы жылу қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Алайда, әлі де жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірқатар үйлер бар.
– Әріптестермен бірге мәселелі мекенжайларды аралап шықтық. Барлық жауапты тұлғаларға жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау міндеті қойылды. Жұмыс барысы толық аяқталғанша қатаң бақылауда болады, – деп жазды Аян Бейсекин әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар, әкім көпқабатты тұрғын үй қорын жылыту маусымына дайындау мәселесі өз бақылауында екенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram