Екібастұз сауда үйіндегі апат: Полиция қылмыстық іс қозғады

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, М. Әуезов көшесіндегі «Maxi mall» сауда үйінде ауданы 150 шаршы метр төбенің бір бөлігі құлады. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді. 6-ӨСБ бастығының орынбасары Асхат Амангелдиев зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.