Екібастұз ЖЭО акционерлерінен Клебановтың кетуі туралы ақпарат – жалған

Екібастұз ЖЭО акционерлерінен Клебановтың кетуі туралы ақпарат – жалған
Фото: 24.kz

 «ОАЭК» бағалы қағаздары төрт тең иеленушіге тиесілі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстандық БАҚ-тың бірінде Александр Клебанов енді Екібастұз ЖЭО акционері емес екендігі туралы ақпарат пайда болды. Басылым сенімді дереккөздерге сілтеме жасаған. Бірақ «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Бұл туралы Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігінің жолдаған сауал хатына берген жауабында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» қоғаммен байланыс бөлімінде мәлім  етті. 

–  Бүгінгі таңда «ОАЭК» АҚ акционерлері: Александр Клебанов – 47,1%, Сергей Кан – 47,1%, KIF ENERGKY S. A. R. L – 4,01%, «ОАЭК» АҚ – 1,79%, – деп жазылған хабарламада.

Кәсіпорында «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясының» екі еншілес энергетикалық компаниясы бар екенін еске салды. Бұл –  «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ. Ақмола облысында жергілікті электр желісін тарату компаниясы корпорациясына тиесілі. Бұл ретте «ЕКІБАСТҰЗТЕПЛОЭНЕРГО» ЖШС – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» еншілес ұйымы.