Екібастұздағы білім беру ұйымдарының басшылары Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады
Іс-шараға Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы бастап, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Екібастұз өңірінің білім беру ұйымдарының басшылары Мемлекеттік Әнұранды орындау жөніндегі республикалық патриоттық акцияға қатысты.
Іс-шараға мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары және Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова қатысты.
Акцияның ерекшелігі – өңірдегі білім беру жүйесінің барлық буынын біріктірген ұжымдық әнұран орындау болды. Білім беру ұйымдарының жетекшілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге орындап, елдің мемлекеттік рәміздеріне және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарына деген құрметін білдірді.
– Мемлекеттік рәміздер – азаматтық тәрбие мен отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастырудың ажырамас бөлігі. Өскелең ұрпаққа ел тарихына құрмет, ұлттық бірегейлік пен Қазақстанның болашағына деген жауапкершілік сезімі ең алдымен білім беру жүйесі арқылы беріледі, – деді Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.
Акция Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар аясында өтті.