Екібастұзда үш мыңға жуық оқушысы күш пен бірліктің гимнін орындады

Екібастұзда үш мыңға жуық оқушысы күш пен бірліктің гимнін орындады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Рух» челленджі екібастұздықтар үшін нағыз рух пен бірліктің мерекесіне айналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Республика күніне арналған патриоттық челлендж балалардың арман-тілегі жүзеге асқан «Самғау» балалар шығармашылық орталығында өтті. «Рух» әнінің музыкасын Жанболат Әділов, ал сөзін Рүстем Арсланов жазған болатын, ол алғаш рет Президенттік оркестр «ABYROY»-дың орындауында шырқалды.

– «Рух» әуені шырқалған сәтте, өз-өзіңді тік ұстап, кеудеңді мақтаныш кернейді. Бұл ән – біз, Қазақстан, халқымыздың рухының қуаты туралы. Біз оны шын жүректен орындадық. Еліміздің болашағы зор екеніне сенеміз, – деп әсерімен бөлісті №24 мектеп-гимназиясының оқушысы, музыкалық-патриоттық челленджге қатысушы Аида Самойлова.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауы мен қамқорлығының арқасында Екібастұздағы шығармашылық үй жүздеген оқушы үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналды.

– Мыңдаған баланың дауысы «Жігер, Намыс, Рух!» деген қуатты үнге ұласқанда, бүкіл орталықта болған адамдарды ерекше мақтаныш сезімге кернеді. Мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен рухты жігерге толы бұл әсерлі туынды үш мыңнан астам адамның, яғни оқушылардың, ұстаздар мен білім беру ұйымдары басшыларының жүрек үнін бір арнаға тоғыстырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОБРАЗОВАНИЕ | ЭКИБАСТУЗ (@bilim_ekibastuz)