Екібастұзда үздік жас мамандар анықталды

Екібастұзда үздік жас мамандар анықталды
Фото: қалалық білім бөлімінен

Байқауға қала мектептерінен жоғары оқу орындарын аяқтаған 19 жас маман қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы білім  беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес және білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ қоғамының қолдауымен жас мамандарға арналған «Үздік жас мамандар – 2024» атты қалалық байқау өткізілді.

– Екібастұз өңірінің мектептерінен жоғары оқу орындарын аяқтаған 19 жас маман қатысты. Байқауға жас мамандар төрт топқа бөлініп, әр кезеңдерде өздерінің шығармашылық таланттарымен көрермендерді таң қалдырды, – деді білім беру бөлімінде. 

Қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша №24 мектеп гимназиясы, Алғамбаров, Бесқауға, Өлеңті мектептерінен келген «Жалынды жастар» атты жас мамандардың тобы бас жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды №23, №10, №22, №24 гимназия мектептерінің «Даймонд» тобы, екінші орынды №12, №13, №25, №26, Атығай мектептерінің «Чемпиондар» және үшінші орынды №18, №26, №36 лицей гимназия мектептерінің «Жас қырандар» командасы иеленді.

Білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ қоғамының қолдауымен байқаудың жеңімпаздарына кәсіподақ қоғамының төрайымы Алима Рахымжанова ақшалай сыйлықтарды табыстады.