Екібастұзда алғаш рет мектепте стоматологиялық кабинеті ашылды

Екібастұзда алғаш рет мектепте стоматологиялық кабинеті ашылды

Енді №18 орта мектебінің оқушылары тістің саулығын сабақ үзілісі кезінде тексере алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасы аясында құрылған алғашқы стоматологиялық кабинет №2 емханамен бірлесе отырып ашылды.  

Мектеп оқушылары профилактикалық тексерулерден, ерте диагностикадан өтіп, ауыз қуысының гигиенасы бойынша дәріс алады, қажет болған жағдайда тіс дәрігеріне жіберіледі. Мектептегі денсаулық сақтаудың жаңа бағдарламасы тіс кариесінің және ауыз қуысының басқа да ауруларының жиілігін төмендетуге, сондай-ақ балалардың жас кезінен тіс саулығына қамқорлық жасау әдетін қалыптастыруға бағытталған.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша балаларға арналған барлық стоматологиялық қызметтер тегін көрсетіледі.