Екібастұзда автокөлік көлге түсіп кетті

Көлікте жалғыз ер адам болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз-Майқайың автожолында 1985 жылы туған жүргізуші шинаның жарылуы салдарынан көлікті басқара алмай, жолдан Тұз көліне түсіп кеткен.
– Көлікте жалғыз болған ер адам салоннан көліктің төбесіне өздігінен шықты. Оқиғаны көрген куәгерлер 112 нөміріне қоңырау шалып, болған жайтты хабарлады, – дейді департаментте.
Кәсіби құтқарушылар зардап шегушіні жағаға эвакуациялап, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады. Сондай-ақ, көлікті судан сүйреп алып шықты.
ТЖМ көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі тексерудің маңыздылығын еске салады.