Екібастұзда бірнеше жылу магистральдерінде гидравликалық сынақ жүргізіледі

Екібастұзда бірнеше жылу магистральдерінде гидравликалық сынақ жүргізіледі

Ол жылыту жүйелерінің жарылуын болдырмау үшін қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС мәлімдеді.

- 20 қыркүйек күні қалада қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізгеннен кейін магистральдік құбырлардың беріктігі мен тығыздығына № 1, 3, 5, 8, 12 жылу магистральдерін гидравликалық сынау жүргізіледі. Жылыту жүйелерінің жарылуын болдырмау үшін №1, 2 клапандарды ажыратып, бітеуіштерді орнату қажет, - делінген хабарламада.

Серіктестік аталған шараларды орындамау мүліктің бұзылуына, сондай-ақ жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.