Екібастұзда бесінші қабаттан бала құлады

Екібастұзда бесінші қабаттан бала құлады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үш жастағы ер бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 5 тамызда 17:07-де биіктен құлау туралы хабарлама түсті. 

– 2021 жылы туған ер бала үйдің бесінші қабатынан құлады. Медициналық бригада үш минутта жетті, – деді станцияда. 

Зардап шеккен бала Екібастұз қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында, ауыр жағдайда жатыр. 

Еске сала кетейік, 3 тамызда Ақсуда 2022 жылы туған бала екі қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Бала жабық бас жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ қол мен аяқтың жарақаты диагнозымен шұғыл түрде травматологиялық бөлімге жатқызылған. Оның жағдайы неврологиялық соматикаға байланысты орташа ауырлық дәрежеде деп бағаланады.