Екібастұзда дәстүрлі әншілер бас қосады

Екібастұзда дәстүрлі әншілер бас қосады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұлттық өнер ұлықталатын бұл кеш Жәнібек сал Мәліковтің 65 жылдығына арналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Дәстүрлі әнші, Жәнібек сал Мәліковтің мерейлі жасына орай «Дәстүрлі әннің дарабозы» атты фестиваль–концерті кеншілер шаһарындағы «Өнер» қалалық мәдениет сарайында өтеді деп жоспарлануда.

«Атамұра» МО директоры Нұрсұлу Төлеубаеваның айтуынша,  шара Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өтеді. 

– Фестиваль-концерттің мақсаты – қазақтың дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, Жәнібек сал Мәліковтің әншілік, ұстаздық, мәдениет саласындағы еңбегін ұлықтау  арқылы өнер жолын кейінгі буынға таныстыру, жас әншілерге қолдау көрсетіп, кәсіби дамуына жол ашу. Әрі қазақ дәстүрлі өнерінің асыл қазынасы – халық әнін ұрпақ санасына ұлттық рух пен сазды сіңіру, - дейді ол. 

Мәдени шараға Павлодар, Екібастұз  қалаларынан және Баянауыл, Успен  аудандарынан дәстүрлі әншілер, Халықтық атағы бар ансамбльдер қатысады. 

Өнер кеші 24 сәуір күні, сағат 15.00-де басталады.