Екібастұзда елуден астам аула қалпына келтіріледі
Жоспар бойынша жарық пен балалар алаңдарын орнатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкіміне келесі жылы Екібастұз қаласын қандай өзгерістер күтетіні көпқабатты тұрғын үйлерді аралау кезінде баяндады. Асайын Байханов соңғы жылдары қалада аулалардың абаттандыру жұмыстарының баяу жүргенін атап өтті.
Қала әкімі Аян Бейсекиннің сөзінше, 279 көпқабатты тұрғын үйдің ішінде абаттандырудан өткен үйлердің саны жартысынан аз. 2024 жылы 60 ауланы қалпына келтіру жоспарлануда. Онда балалар алаңдары және жиырма футбол алаңын орнатады. Бұл жұмыстарға қосымша 1,25 миллиард теңге қажет. Облыс әкімі қаражат жағынан сұрақты шешуге уәде берді.
Сондай-ақ, Екібастұзда көппәтерлі үйлердің, көшелердің және жеке құрылыс секторының үй маңындағы аумақтарын жарықтандыру бойынша үлкен бағдарлама іске асырылып жатыр. 2018 жылдан 2023 жылға дейін үш кезеңді қамтыған жоспар аяқталды. Бүгінде 92 көше мен қалалық нысандарға кіреберістерге жарық орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 68 аула мен мектеп, балабақша, әлеуметтік нысандардың кіреберіс аумағы жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыстар 733 миллион теңгені қажет етеді. Әкімдік 1497 шам орнатуды көздеп отыр.
Қаланы аралау кезінде облыс әкімі Мәшһүр Жүсіп көшесінде орналасқан №126 үйге соғып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Бұл үйде басқарушы компания жоқ. Қарапайым серіктестік немесе мүлік иелерінің бірлестігін құру үшін тұрғындар жинала алмай жүр. Үйдің шатыр жабыны мен инженерлік желілер жөндеуді қажет етеді. Жөндеуге қаражат жинау мүмкін емес, себебі пәтерлердің бір бөлігін иелері жалға береді. Ал жалға алушылар үйді күтіп ұстауға ниеттері жоқ.
Үй ауласында қирап жатқан балабақшаның ғимараты тұр. Оған қаңғыбастар жиналып, жасөспірімдер кіріп, шығып жүріп жүр. Ғимарат жеке меншік иелігінде орналасқан. Әкімдік техникалық аудитты жүргізу керектігін мәлім етті. Бұдан кейін ғана нысанға қатысты нақты шешім қабылданатын болады. Облыс әкімі іссапарды қорытындылай келе Екібастұзды сапалы жылумен жабдықтау мәселесінің басымдығына қарамастан, қаланы абаттандыру бойынша жобаларды іске асыруға әсер етпейтінін айтты.