Екібастұзда ыстық суды қосу қашан басталады?

Екібастұзда ыстық суды қосу қашан басталады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізілген температуралық және гидравликалық сынақтар нәтижесінде 200-ге жуық ақау анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, магистральдық желілерде 27 ақау, ал орамішілік желілерде 152 ақау бар. Ақаулар толық жойылғаннан кейін ғана ыстық суды қосу мүмкін болады.

Қазіргі уақытта ақауларды жою үшін 25 бригада жұмыс істеп жатыр, оның ішінде мердігер ұйымдар мен жылу желілерінің бригадалары бар.

– 17 мамырдан бастап ыстық сумен жабдықтауды кезең-кезеңімен қосу басталады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 182 көпқабатты тұрғын үй қосылған №2 және №7 жылу магистральдары қайта жаңартылады.

– Жылу аралығында бұл үйлерде ыстық су болмайды. Бұл мәжбүрлі шара, себебі осы жылу магистральдарын қайта жаңарту қажет. Алдағы жылу беру маусымын уақтылы бастау үшін жұмыстарды сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтау маңызды, – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындарын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.