Екібастұзда кәмелетке толмаған есірткі таратушы қыз ұсталды

Ол оңай ақша тапқысы келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер Екібастұздың 16 жастағы тұрғынын есірткі қаптамаларын таратқаны үшін ұстады. Қыз «синтетикамен» тағы бір жасырын қаптама орнын құруға тырысқанда ұсталды.
Орта мектеп оқушысы мессенджерлердің бірінен оңай ақша табуға уәде берілген ұсыныс тапқаны белгілі болды.
Жеке тексеру барысында қыздан 15 дана оқшаулағыш таспада белгісіз заттар табылды. Сараптама қорытындысы бойынша салмағы төрт грамм синтетикалық есірткі екені анықталды.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
– Ағымдағы жылдың 3 наурызында Қылмыстық кодексте заңды күшіне енген өзгерістерді ескере отырып, егер есірткі заттары аз мөлшерде тәркіленсе, онда бас бостандығынан айыру мерзімі 5 жылдан 8 жылға дейін көзделеді, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма бөлімінің бастығы Ирина Тимиргалиева.
Айта кету керек, қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, бірақ ауыр және аса ауыр қылмыстардың кейбір түрлері, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін 14 жастан басталады.
2025 жылы Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бөліністері есірткінің заңсыз айналымы саласында 102 қылмыстық іс қозғады. Осы санаттағы 64 қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.
– Биыл 59 азамат ұсталып тергеу изоляторына қамалды олардың кірді есірткіні сатқаны үшін айыпталуда. Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін төрт кәмелетке толмаған бала ұсталды. Олар негізінен Павлодар және Екібастұз қалаларының аумағында орналасқан жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары, – деді Ирина Тимиргалиева.
Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 116 килограмнан астам есірткі және психотроптық заттар, оның ішінде 55 килограмнан асатын синтетикалық препараттар тартып алынды. Әртүрлі психотроптық заттарды өндіруге арналған 642 келіден астам прекурсорлар тәркіленді.