Екібастұзда көшедегі трансформатор өртенді
Салдарынан бірнеше үй уақытша жарықсыз қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде Қазбек Нұралин көшесі, 51 мекенжайындағы трансформатордан шоқ ұшып жатқаны туралы бейнежазба тарады.
Қалалық электр желісінің мәліметінше, кабельдік желілерді оқшаулауғыштың балқуынан электр жүктемесі артып, жарықтың үзілуіне әкелген.
Нәтижесінде Беркімбаев 47-91, Шәріпбаев 33-78, Чалбышев 33-78, Қ.Нұралин 34-78, 33-75, Шорманов 33-76, Ади Шарипов 33-76, Б.Жырау 48-88 үйлері жарықсыз қалған.
Барлығы 252 жеке тұлға 16 ақпан күні сағат 22:00-де жарықсыз қалып, жарық 17 ақпан күні таңғы 04:00-де берілді.
- Кабельдік желілерді оқшаулаудың негізгі зақымдануымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары кезінде қоректендіру желілерінің коммутациялық аппаратурасының фарфор оқшаулағышының зақымдануы анықталып, 4 айырғышты ауыстыру қажет болды, - деді кәсіпорында.
Осыған байланысты кабельдік желілерді қайта қосу арқылы жабдықты қалпына келтіруге қосымша уақыт қажет болған.