Екібастұзда келесі жылы 180 отбасы баспаналы болады

Екібастұзда келесі жылы 180 отбасы баспаналы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тамыз айында қаланың екі шағын ауданында үш бес қабатты үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкім Аян Бейсекиннің мәлімдеуінше, тек соңғы үщ жылда бюджеттік және жеке инвестициялар есебінен 200 мың м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 43 мың м2 іске қосылады.

– Тамыз айында қаланың екі шағын ауданында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылуы жоспарланған үш бес қабатты үйдің құрылысы басталды. Құрылыстан кейін пәтерлер жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар арасында жеңілдетілген кредиттік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын болады. Бұл шара 180 отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Тұрғындарға бір бөлмеден төрт бөлмелі пәтерге дейінгі нұсқалар ұсынылады, – деді шаһар басшысы. 

Ол құрылыс жұмыстарының барысымен танысу мақсатында құрылыс алаңына барды. Бүгінгі таңда үйлердің бірінде екінші қабаттың кірпіші, қалған екеуінде – іргетас қалау және бірінші қабаттың құрылысы жүргізілуде.

– Сапа – басты басымдық. Сондықтан техникалық және авторлық қадағалау алдында тиісті міндеттер қойылды, – деді Аян Бейсекин. 

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру мәселелері облыс әкімінің және оның жеке бақылауында.