Екібастұзда оқушыларды жазғы жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Екібастұзда оқушыларды жазғы жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Депутаттар еңбекақыны уақтылы төлеу, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және техникалық талаптарды қайта қарау қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қалалық мәслихатында әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Басқосуда кәмелетке толмағандарды еңбек жасақтары арқылы жазғы жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

Отырысқа комиссия төрағасы Татьяна Шмидт, мәслихат төрағасы Нияз Макраев, депутаттар Мариям Маликова мен Еркін Құсан, сондай-ақ білім бөлімінің басшысы, ТҮКШ бөлімі мен мердігер ұйым өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелері оқушылардың еңбекақысын уақтылы төлеу, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және техникалық ерекшеліктерді қайта қарау қажеттілігі туралы ұсыныстар айтты.

Депутаттар кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтауға ерекше мән берді. Жастарды жұмыспен қамту заңнама талаптарына толық сәйкес келуі тиіс екені атап өтілді.

Отырыс қорытындысы хаттамаға енгізіліп, тиісті органдарға жолданатын болады.