Екібастұзда тату ауланың тұрғындары сыйлық ұтып ала алады

Екібастұзда тату ауланың тұрғындары сыйлық ұтып ала алады
Фото: Константин Шелков

Кеншілер қаласында Наурыз мерекесіне арналған «Тату аула» байқауы  жарияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласы әкімдігі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

«Ең жақсы дизайн»: сыртқы жарықтандыру (кіру тобы, ғимараттың қасбеті, терезелер), іргелес аумақты безендіру, аула аумағын ұлттық және мерекелік атрибуттармен көркемдік безендіру, киіз үйдің ең жақсы безендірілуі, мерекелік безендіруде жаңа идеяларды, технологияларды қолдану, ерекшілігі, эстетикасы.

«Жоғары деңгейде ұйымдастырылуы»: мерекені үздік дайындау және өткізу, тату тұрғындар, ұлттық тағамдармен мерекелік дастархан, ұлттық ойындар, «Наурыз» мерекесіне арналған шығармашылық нөмір.

Қатысу үшін өтінімдер Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөліміне мына мекенжай бойынша 2023 жылдың 20 наурызына дейін беріледі: Энергетиктер көшесі, 62, 318-кабинет. Байланыс нөмірлері: 8(7187) 278657, 278954 немесе zhilinsekb@mail.ru пошта арқылы жолдауға болады. 

Конкурстық комиссия 21 наурызда, қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау 22 наурызда өтеді.