Екібастұзда трактор аударылып, жүргізуші мерт болды
Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 ақпан күні Екібастұз қаласындағы ЖШС-нің К-700 доңғалақты тракторды басқарған 59 жастағы қызметкері разрез аумағының ішіне түсу кезінде аударылып кеткен.
– Қызметкер дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр, – деді департаментте.
Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.