Екібастұздықтарға терезе ашпауға кеңес беріледі

Қазіргі уақытта қала ауа сапасының көрсеткіштері бойынша сары деңгейде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Екібастұзда ауа сапасын 57 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы сары рейтингке қосқан орташа көрсеткіш.
– Қазіргі таңда PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған деңгейден 2,4 есе жоғары, аталған концентрация бір текше метрге 12,2 микрограммды құрайды, – дейді компания сарапшылары.
«IQAir» 7 шілдеде ашық ауада физикалық белсенділікті азайтуды, терезелерді жабық ұстауды, ауа тазартқыштарды пайдалануды және далада бетперде тағуды ұсынады.
Сарапшылардың мәліметі бойынша, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері ауа тазарырақ болады.
Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).