Экологтар Екібастұз 1- МАЭС жоспардан тыс тексереді
Станцияда бұған дейін күл үйінділері бойынша тексеріс жүргізілген еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала тұрғындары әлеуметттік желіде Екібастұз 1-МАЭС шаң-тозаңнан көрінбей кеткені туралы шағым жазған еді. Облыстық экология департаменті бұл факт бойынша станцияда жоспардан тыс тексеріс өткізетін болады.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың сәуір айында эколог мамандар Екібастұз 1-МАЭС күл үйінділерін шығару бойынша тексеріс жүргізген еді. Оның нәтижесінде 1 гектар алаңда күлді жағажайлардың тозаңдануы анықталды. Осы бұзушылық үшін кәсіпорынға 2, 3 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді.