Екібастұз ЖЭО-да 4 қазандық жұмыс істеп тұр

Екібастұз ЖЭО-да 4 қазандық жұмыс істеп тұр

Екібастұзда жылумен жабдықтау параметрлерін арттыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС ақпараты бойынша қазір желілік судың параметрлері 8,8/2,0 кг/шаршы сантиметр қысымда 53 градус түзу және 36 градус кері желілік суды құрайды.

- Энергия көзінің жұмыс режимі жабдықтың жай – күйімен анықталады. Жұмыста төрт қазандық агрегаты бар. Олар № 5, 9, 12, 14. От жағуда тағы біреуі жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады серіктестік.

Мұнда қаңтар-ақпан айларында станцияның негізгі және қосалқы жабдықтарының жұмысында мезгіл-мезгіл бұзушылықтар болғаны нақтыланды. Оған себеп өткен жылдың желтоқсан айында жылу желілеріндегі апат пен жөндеудің салдары болды.

- Жұмыс үзілістерін станция жұмысын толықтай тоқтатып, қазандық агрегаттарын кешенді тазалауды орындау арқылы ғана болдырмауға болады. Бірпқ бұл жылыту маусымы кезінде мүмкін емес. Екібастұз ЖЭО басшылығы мен мамандары қалада жылумен жабдықтауды қалыпқа келтіру үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Тәулік бойы қазандық агрегаттарының үздіксіз жұмысын қолдау және параметрлерді тұрақтандыру үшін негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары үшін кәсіпорында барлық қажетті техникалық жабдықтар мен жөндеу бригадалары бар", - делінген хабарламада.

Станцияда жөндеу жұмыстарына күн сайын 100-ден астам адам жұмысқа жұмылдырылуда.